Қауіпсіздік қалқаны

Қауіпсіздік қалқаны

«Ұлттық Ұлан» ән-би ансамблінің концерті өтті

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұланның Ақпараттық-насихаттық тобы еліміздің бірнеше өңірі бойынша республикалық тур өткізуде.

2 қазанға дейін жалғасатын бұл сапардың негізгі мақсаты – әскери қызметшілер мен өңір азаматтарына Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауын және еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін насихаттау. Әскери қызметшілер мен азаматтық жастарды қазақстандық патриотизм және конституциялық борышқа адалдық рухында тәрбиелеу, ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның имиджін нығайту, азаматтардың ішкі істер органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерге, олар орындайтын қызметтік-жауынгерлік міндеттерге деген оң көзқарасын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды өткізу.

Халық қаһарманы, полковник Қайрат Үмбетов басшылық жасайтын Ақпараттық-насихаттық тобының «Қазақстан Республикасына қызмет етемін!» ұраны аясындағы іс-шара Алматы қаласында болып өтті. Енді Талдықорған, Қонаев, Тараз қалаларында өткізу жоспарланған.

«Алатау» дәстүрлі өнер театрында өткен «Ұлттық ұлан» ән-би ансамблінің гала-концертін күштік құрылымдар, комитеттер, департаменттердің қызметкерлері, ардагерлер, БАҚ өкілдері, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен Ұлттық ұланның ақпараттық-насихаттық тобы мен ән-би ансамблі шара  барысында Ұлы Отан соғысының ардагерлері және тыл еңбеккерлерімен кездесіп, 28 гвардияшыл-панфиловшылар ескрткішіне гүл шоқтарын қойды.

Негізі, әскерге шақырылуға дейінгі жастармен әскери қызметтің беделін және Отан қорғаушының имиджін көтеру туралы әңгімелесулер жоспарланған. Сонымен қатар, өңір тұрғындарына арнап Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының ән-би ансамблі елдік пен халықтар достығы тақырыбында, жастарды өз Отанын сүюге, әскери өмірдің игі дәстүрлері мен ұрпақтар сабақтастығын дәріптеуге шақыратын концерттік бағдарламаларын  ұсынады. Концерттік бағдарламада Ғайни Жұмашева, Нұрсұлтан Қарабалиев, Ерасыл Бозаев, Сәкен Әлімханов, Денис Яковлев, Дихан Ильяшев, Нұрсұлтан Ералин, Айгерім Молдибаева, Бауыржан Бақытбеков сынды еңбек сіңірген өнер қайраткерлері мен халықаралық байқаулардың лауреаттары өнер көрсетеді.

Шараға күштік құрылымдар, комитеттер, департаменттердің қызметкерлері, ардагерлер, БАҚ өкілдері, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары шақырылған.