Қатар-2022: Марокко әлем чемпионатында қола медаль алған 15-ші құрама атануы мүмкін

Қатар-2022: Марокко әлем чемпионатында қола медаль алған 15-ші құрама атануы мүмкін
Сурет: Tengrinews.kz

Футболдан Марокко құрамасы әлем чемпионатында қола медаль алған 15-ші құрама атануы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Қазірге дейін 14 құрама үшінші орын алып, қола жүлдеге қол созды. Олардың қатарында Германия 4 мәрте (1934, 1970, 2006, 2010) аталған медаль иегері атанса, Бразилия (1938, 1978), Франция (1958, 1986), Швеция (1950, 1994), Польша (1974, 1982) екі-екіден сол жетістікті қайталады.

Ал АҚШ (1930), Австрия (1954), Чили (1962), Португалия (1966), Италия (1990), Хорватия (1998), Түркия (2002), Нидерланд (2014), Бельгия (2018) бір-бірден үздік үштікті түйіндеді.

Марокко құрамасы биыл әлем чемпионатына алтыншы мәрте қатысты. Бұған дейін 1986 жылы 1/8 финалға дейін жеткен еді.

Биылғы доп додасының топтық кезеңінде Марокко Хорватиямен 0:0 есебімен тең түсіп, Бельгияны 2:0, Канаданы 2:1 есебімен жеңді.

1/8 финалда Испаниямен 0:0 есебімен тең ойнап, пенальти тебуден мергендік танытты.