Каспий теңізінен тарихи жәдігер табылды

Каспий теңізінен тарихи жәдігер табылды
Суреттер: Egemen.kz

 200 жылдық тарихы бар жәдігер мұражай қорына тапсырылды

Танымал археолог Андрей Астафьев 200 жыл бұрын Каспий теңізінде болған кеменің бекіту бұрандалары мен шегелерін тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Тарихи жәдігер Түпқараған ауданына қарасты «Түлкілі сай» деген жердегі теңіз жағалауында көміліп жатқан.

Археологтың мәліметінше, кеме ХVIII ғасырдың соңында Каспий теңізінде апатқа ұшыраған. Су құралының ағаш шантағын су шайып кеткенімен, темір бұйымдар теңіз түбінде шөгіп қала берген. 

Андрей Астафьев бұл олжаны Әбіш Кекілбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорына тапсырды.

Археологтың мұражайға берген сыйы жалғыз бұл емес.

«Қарақабақ қалашығына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу кезінде үңгірге тап болып, оның ішінен кендір арқан мен арқанға байланған ілмектер тапқан. Кемеге қатысты заттар екені көрініп тұр. Кеме бір ғасыр бұрын әзірленсе де, құрғақ жерде жатқандықтан, жақсы сақталған», - дейді  Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.