Каспий суы неліктен қара түске боялды?

Каспий суы неліктен қара түске боялды?
Inform.kz

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Каспийдегі су түсінің өзгеру себептерін түсіндірді

Осы орайда Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің мамандары жағдайдың себебін анықтау мақсатында тексеру жұмысын жүргізді.

«Сараптау барысында теңіздің қара түске боялуының себебі - шіріген теңіз өсімдіктерінің ыдырауы және теңіз түбіндегі көпжылдық табиғи құбылыстарға байланысты тұнбаның жиналуы екендігі анықталды» дейді мамандар.

Экологтардың пікірінше, алаңдауға ешқандай негіз жоқ.

«Сонымен қатар, жағалауды лай мен басқа да лас заттардан тазарту үшін қажетті шаралар қабылданады. Аталған мәселе бойынша жергілікті экология департаменті тиісті мемлекеттік органдарға хат жолдады» дейді министрлік.