Каспий құбыр консорциумының жұмысы жандана бастады

Каспий құбыр консорциумының жұмысы жандана бастады
Cурет: ТАСС

Бұған дейін Қара теңіздегі дауылдың салдарынан Каспий құбыр консорциумының құбыр жүйесіне зақым келген болатын.

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жөндеуден кейін Новороссийск маңындағы теңіз терминалында үшінші шығарылатын айлақ (ВПУ-3) жұмысын қайта бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ресейдің ТАСС агенттігінің мәліметінше, ВПУ-2 зақымданғаннан кейін әлі пайдалануға берілген жоқ.

«2022 жылдың 23 сәуірінде КҚК теңіз терминалында ВПУ-3 жөндеу жұмыстарынан кейін пайдалануға берілді. Ауа райының қолайлы болуы қысқа мерзім ішінде сүңгу жұмыстарын жүргізіп, суасты құбыр манифольдының түбін ашуға мүмкіндік берді», - деді компаниядан.

Еске салсақ, наурыз айының соңында Қара теңіздегі дауылдың салдарынан Каспий құбыр консорциумының құбыр жүйесіне зақым келді. Бұл Қазақстанның мұнай өндіру көлемі қысқаруына алып келуі мүмкін екені айтылды.

Кейін ҚР Р Энергетика министрі Болат Ақшолақов Каспий құбыр консорциумындағы жағдайды баяндады.

«Жүйедегі аталған ақау күрделі болғандықтан, Каспий құбыр консорциумы жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болып отыр», - деді министрлік.