Каспий құбыр консорциумының 2 айлағы жұмысын уақытша тоқтатты

Каспий құбыр консорциумының 2 айлағы жұмысын уақытша тоқтатты
Сурет: Egemen.kz

Қос айлақта жоспарлы тексеру және жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Каспий құбыр консорциумының мұнай тасымалдайтын 2 құрылғысы жұмысын уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. 

Бұл шара теңіз терминалының авкаториясында қауіпті болуы мүмкін суасты заттарын кәдеге жаратуға дайындық жұмыстары үшін қажет делінген.

Компанияның ресми хабарламасында алдағы он күнде тек бір құрылғыда мұнай тиелетіні жазылған.  

Еске салсақ, биыл наурызда Қара теңіздегі дауылдың салдарынан Каспий құбыр консорциумының құбыр жүйесіне зақым келіп, жұмысы тоқтап қалған еді. Кейін сәуірдің аяғында консорциумның жұмысы қайта жанданған болатын.