Каспий итбалығын сақтау үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрылмақ

Каспий итбалығын сақтау үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрылмақ
Сурет:Оld.aqmeshit-zhastary.kz

Итбалықтардың қырылу себебі әлі анықталмады.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан Каспий итбалығын сақтау және көбейтуге қатысты 2026 жылға дейінгі Ресеймен бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жоспар бойынша, Каспий итбалығының мекендеу және көбеюін сақтау үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрылады.

Экология министрлігі ұсынған ақпаратына сәйкес, биыл 5 айдың ішінде Каспий теңізі жағалауынан 219 өлі итбалық табылған.