Қаскелеңдегі жолдардың жағдайы тікелей Президенттің бақылауында

Қаскелеңдегі жолдардың жағдайы тікелей Президенттің бақылауында
Сурет: Inform.kz

Алматы облысы Қаскелең қаласындағы көшелердің сапасыз жолдарын реттеу мәселесін Президент өз бақылауына алды.

Қаскелеңнің Қойтас деген ортақ атауы бар көшелеріндегі жолдың сапасы сын көтермейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ондағы үйлердің аулаларына кіріп-шығу мүлдем қиын. Тұрғындар осы проблеманы көтерген. Бұл ретте Қарасай ауданы әкімі тұрғындармен кездесіп, мәселені жуық арада шешуге сөз берді.

Ол осы түйткіл Мемлекет басшысының тікелей назарында екенін жеткізді. Әкім асфальт салып, электр желісін жаңалауға, бағаналарды түзеуге уәде етті.