Қаскелеңде заңсыз көкпар ұйымдастырғандар жауапқа тартылды

Қаскелеңде заңсыз көкпар ұйымдастырғандар жауапқа тартылды
Сурет: 24.kz

Олар 10 тәулікке қамалды.

Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласында заңсыз көкпар ұйымдастырғандар 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Көкпарға қатысқан 6 адамды полиция ұстады. Олар 10 тәулікке қамауға алынды»,- делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Айта кетейік, ұсталған адамдар ұсақ бұзақылық және көліктерге кедергі келтіру бойынша жауапқа тартылды. 

Естеріңізге сала кетейік, көкпарды 66 жастағы Қаскелең тұрғыны жиенінің туған күніне орай ұйымдастырған. 

Ұлттық ойын қаланың шеткі аумағында болған. Бірақ артынша қала көшелерінде жалғасқан.