Каскадер Әлия Ысқақова Канаданың киносыйлығына ие болды

Каскадер Әлия Ысқақова Канаданың киносыйлығына ие болды
Cурет: Baq.kz

Жерлесіміз қиын трюктерді орындаған

Канадада кино және телевизия Академиясының UBCP/ACTRA AWARDS-2021 сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы Nomad Stunts тобы өзінің Facebook желісіндегі жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Baq.kz агенттігінің мәліметінше, Әлия Ысқақованың қатысумен «Кунг-фу» сериалында түсірілген төбелес қойылымы «Ең үздік каскадерлік жұмыс» ретінде бағаланған.

Айта кетсек, Әлия сериалдың басты рөлінде ойнайтын зұлым кейіпкер Yvonne Chapman есімді актриса орындауға тиіс қиын трюктерді жасаған.