Қасым-Жомарт Тоқаев:Тұңғыш Президент туралы кітап жазғаныма өкінбеймін

Қасым-Жомарт Тоқаев:Тұңғыш Президент туралы кітап жазғаныма өкінбеймін Сурет: Akorda.kz.

Келешекте қазіргі өміріміз туралы ауқымды кітап жазу ойымда бар.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «QAZAQSTAN» телеарнасына берген сұхбатында қазіргі өмір туралы ауқымды кітап жазатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


«Шығармашылығыңызға қатысты тағы бір сұрақ. Сіз негізінен, дипломатия, сыртқы саясат туралы бірнеше кітап жаздыңыз. Солардың ішінде Елбасының тұлғасына арналған «Ол тарихты жасап жатыр» деген туындыңыз бар. Қазіргі таңда сол кітапты жазғаныңызға өкінбейсіз бе? Бұдан басқа, жаңа кітаптар жазу жоспарыңызда бар ма?» - деп сұрақ қойды журналист Жайна Сламбек.



«Өкінбеймін. Тұңғыш Президентіміздің еңбегі туралы кітапқа келсек, қазақта «Өткен іске өкінбе» деген сөз бар. Мен көптеген оқиғаға куә болған адаммын. Сондықтан, қағазға түсіргенді жөн көрдім. Оқырмандардың пікірінше, кітаптарым жоғары деңгейде жазылған. Мысалы, әлі күнге дейін студенттер менің кітаптарымнан қажетті мағлұматын алып, пайдаланып жүр», - деп жауап берді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Сонымен бірге, Президент алдағы жоспарлары туралы айтып берді. «Кейбір ойларымды түртіп қойып, күнделік жазатыным бар. Мүмкін, болашақта қажет болар. Келешекте қазіргі өміріміз туралы ауқымды кітап жазу ойымда бар. Амандық болса жазамын», - деді Қ. Тоқаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21