Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады Сурет: Akorda.kz

Ұлттық банктің негізгі міндеті - қаржы және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету.


Президент Ұлттық банктің 2022 жылға арналған жоспарымен танысқаннан кейін бірқатар нақты тапсырма берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Мемлекет басшысына инфляцияны болдырмау жөніндегі ақша-кредит саясатының іске асырылу барысы, сондай-ақ сыртқы және ішкі секторлардағы негізгі тәуекел-қатерлерді ескере отырып, бағаның өсуін тұрақтандыруға бағытталған Ұлттық банктің жоспары жөнінде баяндалды.



Президентке валюта және ақша нарықтарындағы ахуал, елдің алтынвалюта резервтерінің жай-күйі, сондай-ақ былтырғы төлем теңгерімін алдын ала бағалау туралы есеп берілді.



Ғалымжан Пірматов Ұлттық банктің негізгі мандаты саналатын қаржы және баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ақша-кредит саясатының тиімділігін одан әрі арттыру жөніндегі пайымы мен жоспарын ұсынды.


Президент Ұлттық банктің 2022 жылға арналған жоспарымен танысқаннан кейін бірқатар нақты тапсырма берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:53

15:42

15:38

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12

14:21

14:17

13:51

13:42

13:03

12:57

12:36

12:32

12:16

11:54

11:46

11:37

11:02

10:47

10:37

10:34