Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Қырғызстанға барды

Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Қырғызстанға барды
Сурет: Akorda.kz

Қазақстан Президентін  Ақылбек Жапаров бастаған ресми тұлғалар күтіп алды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғызстанға ресми сапармен барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президентін Бішкектің «Манас-2» халықаралық әуежайынан Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің Басшысы Ақылбек Жапаров пен осы елдің бірқатар ресми тұлғасы қарсы алды.