Қасым-Жомарт Тоқаев: Ресеймен бірлескен инвестициялық жобалар жеке бақылауымда болады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ресеймен бірлескен инвестициялық жобалар жеке бақылауымда болады almaty-akshamy.kz

Қазақстан аумағында Ресейлік инвестицияның қатысуымен іске асырылатын жобалар жеке бақылауымда болады. Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік әріптесі Владимир Путинмен өткен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдемесінде осылай деді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Біз өндірістік кооперацияны кеңейту келешегін егжей-тегжейлі талқыладық. Бұл бағытта біздің елдер 13 ірі жобаны аяқтады. Жалпы сомасы 2,5 млрд доллардан асатын 8 жоба іске асыру сатысында. Тағы 11 жоба пысықталуда. Жалпы инвестиция көлемі 1,5 млрд долларды құрайды.



Келіссөздер барысында құрметті Владимир Владимировичке осы жобалардың барлығы менің жеке бақылауымда болатынын және олар жаңа жұмыс орындарын құруға, елдеріміздің өнеркәсіптік, технологиялық әлеуетін нығайтуға бағытталатынын жеткіздім», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0