Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен сөйлесті
Сурет: Akorda.kz

Президенттер бір-бірін Наурыз мерекесімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми ресурсына сілтеме жасап.

Қос тарап Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың перспективаларын талқылады. 

Сонымен қатар Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың тиімді іске асырылу барысы және сыртқы экономикалық ахуалдың кері әсерін азайтуға бағытталған күш-жігерді үйлестіру мәселесі айтылды.