Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан-Ана» монументіне гүл шоғын қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан-Ана» монументіне гүл шоғын қойды

Шара соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ардагерлермен әңгімелесті.

Мемлекет басшысы елордадағы «Отан-Ана» монументіне гүл шоғын қойып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлеріміздің рухына тағзым етті. Аlmaty-akshamy.kz бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Содан кейін президенттік оркестр Мемлекеттік Әнұранды орындап, Құрмет қарауылы ротасы шараға қатысушылардың алдынан салтанатты түрде сап түзеп өтті.

Шара соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ардагерлермен әңгімелесті. Президент оларды Жеңіс күнімен құттықтап, барша отандасымызға зор денсаулық, амандық тіледі.