Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия-Ресей» саммитін қорытындылады

Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия-Ресей» саммитін қорытындылады Сурет: Ақорда

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия-Ресей» саммитінде айтылған бастамаларды іске асыру жоспарын әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Кездесуіміздің нәтижесі іс жүзінде іске асып, өңірдің Ресей Федерациясымен стратегиялық әріптестігіне ықпал ететініне сенімдімін. Айтылған бастамаларға келсек, әрекеттерді үйлестіру қажет болады. Бізде сыртқы саясат ведомствосы басшыларының деңгейінде жұмыс істеп тұрған жұмыс органы бар», - деген Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрлеріне бүгінгі кездесудің қорытындыларын іске асыру бағытындағы бірлескен әрекеттердің жоспарын әзірлеуді тапсыруды ұсынды.



«Сондай-ақ, Орталық Азия мемлекеттері мен Ресей Федерациясы басшыларының бірлескен мәлімдемесін жариялау ұсынылады», - деді Мемлекет басшысы.


Айта, кетейік саммитке Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Ресей президенттері келді, олар алтыжақты форматтағы ынтымақтастықтың келешегін талқылап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37

12:15

12:00

11:48

11:15

11:12

10:56

10:36

10:24

09:46

09:23

08:41

19:31