Қасым-Жомарт Тоқаев: Меккеде Алладан бір-ақ нәрсе сұрадым, ол – елдің амандығы

Қасым-Жомарт Тоқаев: Меккеде Алладан бір-ақ нәрсе сұрадым, ол – елдің амандығы almaty-akshamy.kz

Мемлекет басшысы ҚР Президентін ұлықтау рәсімінде қазіргі буынның болашақ ұрпақ алдындағы борышы қандай екені туралы пайымын айтты, хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Тәуелсіз елімізді қуатты мемлекет ретінде ұрпаққа аманаттау – біздің борышымыз. Алда талай сынақтар, күрделі кезеңдер болуы мүмкін. Дегенмен ырысты ынтымағымызды сақтай білсек, алынбайтын асу жоқ», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Меккеге барған сапарын еске алды.



«Мен бүгін халқымның алдында тұрып, бастаған ісіміз берекелі болсын деп тілеймін. Қазақ – ырымшыл халық. Мен биыл қасиетті Меккеге барған кезде Қағба төрінде ата-баба рухына құран бағыштап, Алладан бір-ақ нәрсе сұрадым. Ол – елдің амандығы», - деді Президент.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08