Қасым-Жомарт Тоқаев саммитке қатысу үшін Мәскеуге барды

Қасым-Жомарт Тоқаев саммитке қатысу үшін Мәскеуге барды
Сурет: Inform.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке  сілтеме жасап.

«Ресей Президенті Владимир Путиннің және ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның шақыруымен Ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл және Ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай өтетін мерейтойлық саммитке қатысу үшін Мәскеуге келді», - делінген хабарламада.

Ұйымның іс-шарасы бүгін, 16 мамыр күні Кремльде өтеді.