Қасым-Жомарт Тоқаев: Қытайдың статистикасы мен біздегі көрсеткіштің айырмасы 5,7 млрд доллар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қытайдың статистикасы мен біздегі көрсеткіштің айырмасы 5,7 млрд доллар
vlast.kz

Тоқаев кедендегі былықтарды шешу үшін Үкіметке 10 күн берді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында логистика саласына халықаралық компанияларды тарту қажеттігін айтты , деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Кеден бекеттеріндегі қордаланған мәселелерді жедел шешу қажет. Бұл - бюджет үшін айрықша маңызы бар сала. Тағы да қайталап айтам, ондағы былықты жөнге келтірмесе, салдары қиын болуы мүмкін. Қытайдың статистикасы мен біздегі көрсеткіштің айырмасы 5,7 млрд доллар болуы - соның дәлелі. Қазір Қытаймен арадағы кеден бекетінде 12 мыңнан астам көлік электронды кезекте тұр. Құзырлы экономикалық операторлардың заңсыз іс-әрекеті туралы бұған дейін де айттым. Олар кеденнен және басқа да бақылау органдарынан соншама жеңілдікті қалай алып отыр? Не себепті бұл мәселе назардан тыс қалған? Бұл сұрақтарға 10 күннің ішінде нақты әрі толық жауап күтемін», - деген Мемлекет басшысы саланың қызметін заң бойынша қатаң реттеуді тапсырды.

Сондай-ақ ол кеден мен логистика саласындағы проблемаларды халықаралық ойыншыларды тарту арқылы шешуге болатынын атады.

«Жалпы, кеден және логистика жүйесіне ірі халықаралық компанияларды тартуды ойластырған жөн. Олар қажетті тасымал көлемін және жұмыстың ашқық әрі есепті болуын қамтамасыз ете алады. Бұл мәселе Үкіметте талқыланды. Үкіметке оны тағы да пысықтап, маған баяндауды тапсырамын», - деді Президент.