Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстандықтарды үлкен өзгерістер күтіп тұр

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстандықтарды үлкен өзгерістер күтіп тұр
akorda.kz

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев референдумда дауыс бергеннен кейін қазақстандықтарды үлкен өзгерістер күтіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Алда үлкен жұмыс бар. Бүгін өзгерістер енгізуге дауыс беріп жатқан Конституцияны іске асыру керек. Атап айтсақ, партияларға, Парламентке қатысы бар заңнамаларға өзгеріс енгізілмек. Парламентіміз бұл міндетті абыроймен атқарады деп ойлаймын», - деді Мемлекет басшысы.

Президент Қазақстан халқы дауыс беріп жатқан түзетулер елдің қоғамдық өміріне үлкен өзгерістер енгізуді көздейтінін атап өтті.

«Түптеп келгенде мемлекет пен қоғамның арасындағы қатынастың парадигмасы өзгереді, адам құқықтары бірінші орынға шығады. Бұл - аса маңызды. Конституцияда Адам құқықтары жөніндегі омбудсмен жаңа мәртебеге ие болады. Омбудсмен Конституциялық Сотқа жүгіне алады. Ол орган да біз үшін жаңа институт», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.