Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда филиалын ашатын ресейлік университеттерді атады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда филиалын ашатын ресейлік университеттерді атады
inform.kz

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда филиалын ашатын ресейлік техникалық университеттерді атады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазақстанда баршаның аузында жүрген жоғары оқу орындарының филиалдары ашылады. Бұл – Мәскеу инженерлік-физикалық институты, И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті, Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті. Бұл білім саласындағы өзара қолдаудың өте салмақты ілгерілеуі деп есептеймін», - деді Қазақстан Президенті ресейлік әріптесі Владимир Путинмен өткен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме кезінде.