Қасым-Жомарт Тоқаев: Кәсіпкерлерге қарсы қозғалған әрбір алтыншы іс тоқтатылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Кәсіпкерлерге қарсы қозғалған әрбір алтыншы іс тоқтатылды
tengrinews.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының иегерлерін марапаттау салтанатында сөйлеген сөзінде микро және шағын бизнесті тексеруге жарияланған мораторий тағы бір жылға не үшін ұзартылғанын айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Кәсіпкерлерге қарсы қозғалған әрбір алтыншы іс, бұл 312 істің 59-ы деген сөз, қылмыстық заңсыздықтың болмауына байланысты тоқтатылды. Биылдан бастап азаматтық тәртіпті шағымданудың бүкіл жолдары түгесілгенше қылмыстық іс қозғауға тыйым енгізілді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы кәсіпкерлерді қорғаудың жүйелі тетіктері енгізіле беретінін атап өтті.

«Өткен жылдардың жағымды қорытындысына сүйене отырып, мен микро және шағын бизнесті тексеруге жарияланған мораторийді тағы бір жылға ұзарту туралы шешім қабылдадым. Тиісті Жарлыққа қол қойылды. Біз кәсіпкерлерді қорғаудың жүйелі механизмдерін енгізуді сөзсіз жалғастырамыз», - деді Президент.