Қасым-Жомарт Тоқаев:  Илья Жақанов — қазақ мәдениетінің тұғырлы тұлғасы

Қасым-Жомарт Тоқаев:  Илья Жақанов — қазақ мәдениетінің тұғырлы тұлғасы
Inform.kz

Илья Жақанов - қазақ мәдениетінің тұғырлы тұлғасы. Бұл туралы бүгін еліміздің бірқатар азаматын мемлекеттік наградамен марапаттау рәсімінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

«Менің Жарлығыммен еліміздің ең жоғары атағы аса құрметті композитор, жазушы, өнертанушы Илья Жақановқа беріледі. Илья Жақанов - қазақ мәдениетінің тұғырлы тұлғасы. Оның әуезді әндері, әдеби туындылары және зерделі зерттеулері - ұлт руханиятына қосылған құнды қазына. Ол халқымыздың рухани байлығын еселеп, ұлттық музыка өнерін дамытуға өлшеусіз үлес қосқаны үшін Қазақстанның Еңбек Ері атанды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.