Қасым-Жомарт Тоқаев: Біздің басты байлағымыз – адам

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біздің басты байлағымыз – адам
atr.kz

Біз халықтың тілегі мен заман талабына сай тиімді мемлекет құруға міндеттіміз. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты ұлықтау рәсімінде айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Біз халықтың тілегі мен заман талабына сай тиімді мемлекет құруға міндеттіміз. Бұл – маңызды тарихи міндет. Мемлекеттік қызметке нақты сектордан меритократия және ашық бәсекелестік қағидаттарына сай іріктеуден өткен жаңа басқарушы азаматтарды аламыз», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы Президенттік кадр резервінің мүшелерін белсенді түрде тартылатындығын да атап өтті.

«Біздің басты байлағымыз – адам. Сондықтан азаматтардың игілігі үшін барлық жағдайды жасау аса маңызды. Еліміз даму жолында, негізінен, өз күшіне сенеді. Сонымен қатар шетелден тікелей инвестиция тарта отырып, түрлі саладағы халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.