Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін жалғыз ғана мемлекет бар, ол – Қазақстан

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін жалғыз ғана мемлекет бар, ол – Қазақстан
inform.kz

Қазақтардың тағдырын тек өзіміз ғана шешеміз

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Qazaqstan ұлттық телеарнасына берген сұхбаты соңында "Қазақстан халқына, көрермендерге, жұртшылыққа не айтасыз?" деген сауал қойылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

«Расында, бүгін жақсы, мазмұнды сұхбат болды деп ойлаймын. Халыққа айтарым, бұл дүниеде қазақтардың тағдырын тек өзіміз ғана шешеміз. Біз үшін жалғыз ғана мемлекет бар, ол – Қазақстан. Бұл – біздің қасиетті Отанымыз. Басқа Отанымыз жоқ. Отанын қорғау, халқының амандығын сақтау – әр азаматтың борышы. Осыны ұмытпауымыз керек. Қазақ елі жасай берсін!» - деді Мемлекет басшысы.