Қасым-Жомарт Тоқаев: Атқарушы билік халықтың сенім мандатын ақтай алмады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Атқарушы билік халықтың сенім мандатын ақтай алмады
almaty-akshamy.kz

«Партия мемлекеттік органдардың жұмысын көшірмеуі тиіс. Бұл туралы Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХІ съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Партия мемлекеттік органдардың жұмысын көшірмеуі тиіс. Мемлекеттік аппаратының қызметтері бір, партиянікі мүлдем бөлек. Nur Otan негізінен идеологиялық және кадрлық жұмыстармен айналысуы, қажет болған жағдайда мемлекеттік аппараттың жұмысын бағыттап отыруы керек»,- деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы өткен жылғы сайлаулардың қорытындысында Nur Otan халықтан сенімнің қажетті мандатын алғанын баса айтты.

«Бірақ, атқарушы билік оны пайдалана алмады. Әлеуметтік-экономикалық ахуалдың айтарлықтай нашарлауына жол берді. Тапсырмалар, жоспарлар, міндеттер жиі формальды, қағаз жүзінде ғана орындалды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.