Қасым-Жомарт Тоқаев Ататүрік кесенесіне гүл шоғын қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ататүрік кесенесіне гүл шоғын қойды
Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысы түрік жұртына құрметін білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына мемлекеттік сапары Түркияның негізін қалаушы әрі тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің рухына тағзым етуден басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Akorda.kz-ке сілтеме жасап.

Анытқабір кесенесін аралап көрген Мемлекет басшысы Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев тамырлас түрік жұртына зор құрметін білдіріп, Қазақстан мен Түркия арасындағы достықтың мәңгі болуын, екі ел ынтымақтастығының арта беруін және бауырлас түрік халқына бақ-береке тіледі.

Гүл шоғын қою салтанатты рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясының мүшелері де қатысты.