Қасым-Жомарт Тоқаев Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына қатысады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына қатысады
Сурет: Egemen.kz

Президенттің алдын ала бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қыркүйек күні Қостанай облысына барады.

Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Жұмыс сапары аясында ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойының ресми іс-шараларына қатысады.