Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжанға ресми сапармен барады

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжанға ресми сапармен барады
Сурет: Dibaache.com

Әзірбайжан Президенті шақырды. 

Әзірбайжан елінің Президенті Ильхам Әлиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа телефон шалды, деп хабарлады Almaty-akshaty.kz Turkystan.kz сілтеме жасап. 

Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық және қызметіне табыс тіледі.

Мемлекет басшысы Әзірбайжан елінің басшысына  ілтипат пен құттықтау үшін алғысын білдірді.

Мемлекет басшылары екі ел арасындағы түрлі салаларда екіжақты қарым-қатынастардың табысты дамып келе жатқанын атап өтіп, байланыстардың одан әрі кеңейетініне сенім білдірді.

Әңгімелесу барысында ынтымақтастықтың келешегі және өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша пікір алмасу болды.

Президент Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевты Әзірбайжанға ресми сапармен келуге шақырды.