Қасым-Жомарт Тоқаев: Әр азаматқа бірдей мүмкіндік беретін әділ әрі дамыған мемлекет боламыз

Қасым-Жомарт Тоқаев: Әр азаматқа бірдей мүмкіндік беретін әділ әрі дамыған мемлекет боламыз
Сурет: Zhasalash.kz

Президент Қазақстан халқын алда келе жатқан қос мерекемен құттықтады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті отыз бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Әр азаматқа бірдей мүмкіндік беретін әділ әрі дамыған мемлекет боламыз! Сөз соңында сіздерді алда келе жатқан Қазақстан халқының бірлігі күнімен және Ораза айт мерекесімен құттықтаймын», - деді Мемлекет басшысы. 

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы алда екінші республиканы құру міндеті тұрғанын айтты. 

«Біз барлық жоспарымызды міндетті түрде жүзеге асырамыз. Мен бұған кәміл сенемін. Біз Екінші Республиканы бірге құрамыз, Жаңа Қазақстанды бірге өркендетеміз!» - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.