Қасым-Жомарт Тоқаев: Әкімдер жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін ескі үйлер мен саяжайларды да есепке қосып жібереді деген ақпарат бар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Әкімдер жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін ескі үйлер мен саяжайларды да есепке қосып жібереді деген ақпарат бар ortalyq.kz

Әкімдер жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін ескі үйлер мен саяжайларды да есепке қосып жібереді деген ақпарат бар. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz



«Былтыр еліміз бойынша 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл - бұрын ешқашан болмаған көрсеткіш. Алайда, оның қаншалықты дұрыс мәлімет екенін тексеру керек. Әкімдер жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін ескі үйлер мен саяжайларды да есепке қосып жібереді деген ақпарат бар. Ал биыл былтырғыдан 1 млн шаршы метр артық үй салынады деп жоспарланып отыр. Бірақ, құрылыстың мұндай қарқынына коммуналдық инфрақұрылым ілесе алмай жатыр. Елордамыздағы ахуал - осының айқын дәлелі», - деді Президент.



Мемлекет басшысының дерегінше, қалада алдағы 3 жылда сағатына 900 Гкалл жылу тапшылығы болуы мүмкін.



«Дәл осындай мәселе кейбір облыс орталықтарында да бар. Құрылыс жоспарын ескере отырып, оған қанша коммуналдық инфрақұрылым қуаты қажет болатынын болжай білуі керек. Үкімет бұл жұмысты әкімдермен бірлесіп атқаруға тиіс. Осы талдаудың негізінде нақты шаралар қабылдау қажет. Мұнан былай тиісті инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымы бар жерге ғана тұрғын үй салынуы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31

12:19

12:10

11:47

11:30

10:57

10:06

09:34

09:07