Қашағанда мұнай өндіру уақытша тоқтатылды

Жөндеу 7-10 күнге созылуы мүмкін
Қашаған кен орнындағы жұмыс газдың шығуына байланысты тоқтатылды. Жөндеу жұмыстары 7-10 күнге созылуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
«2 тамызда Қарабатан зауытында датчиктер слагкетчерге баратын 12 линиядан (құбыр) газ шыққанын көрсетті. Бірі жарылған»,-делінген хабарламада.
Компания өкілдерінің айтуынша, бұған металл коррозиясы себеп болған. Жөндеу 7-10 күнге созылуы мүмкін.
Қазір комиссия бағыттарды зерттеп, зерделеп жатыр. Мұнай өндіру бір аптаға созылуы мүмкін.