Қашаған аймағында екі бірдей газ өңдеуші зауыт құрылмақ

Қашаған аймағында екі бірдей газ өңдеуші зауыт құрылмақ
almaty-akshamy.kz

Қашаған аймағында екі бірдей газ өңдеуші зауыт ашылмақ. Олардың қуаты 2 млрд және 6 млрд текше метр көгілдір отын өңдейтін шамада болады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

2030 жылға дейін іске асатын жоспар туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов хабарлады. Бүгінде QazaqGaz  ұлттық компаниясы Атырау облысында газ өңдеу зауытын тұрғызуды қолға алған.

Қуаттылығы 1 млрд текше метр болатын жаңа зауыттың құрылысы келер жылдың соңы немесе 2024 жылдың басында аяқталмақ.

Еске сала кетсек, бұған дейін ведомство басшысы ішкі нарықты сұйық газбен толық қамту мақсатында экспортын тоқтату туралы айтқан еді.