KASE: Ресей рублі 9 теңгеден асып кетті

KASE: Ресей рублі 9 теңгеден асып кетті
Сурет: Inform.kz

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында рубль 7,7 - 8,6 теңге аралығында сатылып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан қор биржасында (KASE) бір рубльдің теңгеге шаққандағы бағамы бағамы 0,47 теңгеге өсіп, 9,13 теңгеге жетті. Сонымен қатар, Ресей рублінің 30 маусымдағы ресми бағамы 9,1 теңге деңгейінде белгіленді. ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 29 маусымдағы жағдай бойынша Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,5 теңгеге өсіп, 8,61 теңге болды. Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында көрші ел валютасы 7,7 – 8,6 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал Нұр-Сұлтанда 7,75 – 8,3 теңге аралығында құбылып тұр. Ал АҚШ валютасының бағамы бүгін бірден 8 долларға көтеріліп, теңгеге шаққандағы құны 465,08 теңгеге дейін жетті.