Қаржы вице-министрі тағайындалды

Қаржы вице-министрі тағайындалды
Cурет: Primeminister.kz

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Эльдар Шәмілұлы Қазғанбаев ҚР қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Премьер-Министрдің ресми сайтына сілтеме жасап. 
Эльдар Қазғанбаев 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Қаржы академиясын тәмамдаған. Еңбек жолын 2001 жылы коммерциялық банкте әкімшілік департаментінің персоналмен жұмыс жөніндегі басқармасында тағылымгер ретінде бастады. 2001-2006 жылдары банк секторында жұмыс істеді. 2006-2007 жылдары — «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ жобаларды қарау басқармасының бас менеджері, басқарушы директор кеңсесінің фронт-менеджері. 2008-2010 жылдары — «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарушы директоры. 2011-2018 жылдары — Ақпараттық-есептеу орталығы директорының орынбасары, директоры. 2018 жылғы қазан айынан бастап «Электрондық қаржы орталығы» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.