Қаржы пирамидаларын тelegram-боттың көмегімен анықтауға болады

Қаржы пирамидаларын тelegram-боттың көмегімен анықтауға болады
Сурет: Gasenergy.kz

Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі басқарма басшысының орынбасары Андрей Давыдов мәлім етті.

Telegram-ботқа @BAIQApiramidaBOT сілтемесі арқылы өтіп, сайтты немесе қандайда бір интернет ресурсты тексеруге болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Жыл басынан бері интернет ресурстарды тексеруге арналған бот іске қосылды. Қаржы мониторинг агенттігі әзірлеген Telegram-бот азаматтарға қаржы пирамидаларын анықтауға көмектеседі. Бұл оларды алаяқтық схемалардан сақтайды. Қазірдің өзінде өнім сұранысқа ие екені белгілі болды. Жыл басынан бері қазақстандықтардан 2,5 мың рет аталған жүйе қызметін пайдаланды", – деді спикер.