Қаржы министрлігі мемлекеттік қолдау шараларына бөлінген қаражатқа мониторинг жүргізеді

Қаржы министрлігі мемлекеттік қолдау шараларына бөлінген қаражатқа мониторинг жүргізеді
сурет: Strategy2050.kz

Бюджетті жоспарлау кезінде де мониторинг жасалмақ

Қаржы министрлігі мемлекеттік қолдау шараларына бөлінген қаражатқа мониторинг жүргізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.
Қазірдің өзінде 2015-2021 жылдар аралығындағы кезеңде көрсетілген 80 мемлекеттік қолдау шарасы бойынша мәліметтер жиналған екен. Сонымен  қатар осы ақпараттарды автоматты түрде  алу мақсатында мемлекеттік қолдау шараларын атқаратын 7 оператордың ақпараттық  жүйесімен интеграция жұмысы іске асырылды. Мұндай мониторинг жүргізу тәсілдері бюджетті жоспарлау кезінде де қолданылмақ. Сондай-ақ мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту үшін бухгалтерлік операцияның бірыңғай базасы құрылған.

«Жобада бірыңғай анықтамалықты пайдалану да жоспарланып отыр. Бұл талдамалық құралды орнатуға және қаржы саласындағы әртүрлі процестердің, яғни бухгалтерлік есепті жүргізу, есептілік беру, бюджетті жоспарлау және пәрменді мемлекеттік аудиттің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», – деді ҚР Қаржы министрлігі цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры Еркін Беркешев.