Қару асынып, көшеге шыққан алматылық 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Қару асынып, көшеге шыққан алматылық 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Сурет: Ulysmedia.kz

Алматыдағы «Дарабоз» ықшамауданында қару асынып, көшеге шыққан ер адам сотталуы мүмкін.

Бұл туралы Алатау ауданының прокуроры мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ведомство өкілінің айтуынша, ер адамның әрекеті ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша сараланды.

«Күдікті 3-7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қылмыстық іс қозғалды. Іс бұзақылық бабы бойынша тергеліп жатыр. Ұсталған азаматтың қаруы тәркіленіп, заттай айғақ ретінде танылды. Қазір ол сақтау камерасына тапсырылды», - деді Алматы қаласы Алатау ауданының прокуроры Ізбасар Масақбаев.