Қарттар үйіндегі қарияларға құрмет көрсетілді

Қарттар үйіндегі қарияларға құрмет көрсетілді
Сурет: Ашық дереккөз

Іс-шараның мақсаты - өскелең ұрпаққа үлгі көрсету

«Мейірімді Көктем». Алғыс айту мерекесінде Алматыда ардақты ардагерлерімізге осындай тақырыпта мерекелік кеш ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Қоғамдық даму орталығындағы Қарттар үйінде қайырымдылық концерт өтіп, оларға құрмет көрсетілді. Іс-шараның мақсаты -  өскелең ұрпаққа үлгі көрсету.

«Концертте Ж.Елебеков атындағы эстрада цирк колледжінің студенттері қатысты. Мақсатымыз жастарға ардагерлерді сыйлап, үлкенге құрмет көрсетуді үйрету», – деді Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрадалық-цирк колледжінің оқытушысы Ақбота Қалдыбай.