Қарттар арасында скандинавиялық серуендеуден турнир өтеді

Қарттар арасында скандинавиялық серуендеуден турнир өтеді
stany-krasivoy.ru

15 наурыз күні сағат 10.00-де 28 панфиловшылар атындағы саябақта "Наурыз мейрамына" орайластырылған қарттар арасында скандинавиялық серуендеуден турнир өтеді. Жарысқа Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары атынан 10 команда қатысады. Іс-шараға 200-ден астам адам қатысады деп күтілуде.

Зейнеткерлерге арналған белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында емдік йога, айкуне, скандинавиялық серуендеу, емдік-дене шынықтыру сабақтары өтетінін атап өткен жөн. Олар сондай-ақ классикалық және заманауи билерге қатысады, қазақ және ағылшын тілдерін үйренеді, зияткерлік ойындарға қатысады және т.б. Орталықтарға барған кезде зейнеткерлер геронтолог дәрігерлерден, кенезиолог-психологтардан кеңес  ала алады. 

Байланыс телефоны:
8 708 146 59 29 Ыдырыс Меруерт, Медеу аудандық Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры.