Кардиология институтында адамдарды қабылдау бөлімі ашылды

Кардиология институтында адамдарды қабылдау бөлімі ашылды Сурет: ашық дереккөз

Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында клиниканың жаңартылған қабылдау бөлімшесі ашылды. Қысқа мерзімде күрделі жөндеуден өткен ғимарат заман талабына сай жабдықталған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Қабылдау бөлімшесі кез келген аурухананың «бет-бейнесі» болып саналады. Пациенттің клиникаға түскен сәтінен бастап, кездесетін ең маңызды әрі алғашқы бөлімше.


24.kz мәліметі бойынша, кардиология және ішкі аурулар институты дәрігерлік көмекті жақсартуға үнемі көңіл бөліп келеді. Мысалы, 2021 жылы JCI - денсаулық сақтау саласындағы беделді халықаралық сертификатқа ие болды. Бұл медициналық қызмет көрсетудің «алтын стандарты» болып саналады. Сапаны әрі қарай жақсарту үшін енді міне мың шаршы метрден асатам қабылдау бөліміне күрделі жөндеу жасап отыр.


- Науқастарға жақсы күтетін қолайлы және жайлы орындар мен электрондық кезек технологияларын енгізіп жатырмыз. Сонымен қатар, триаж жүйесі де енгізіліп, пациенттер санаттарға бөлінетін болады. Оның ішінде жаңағы жасыл, сары және көк зоналарға бөлінеді, - дейді С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов.  


Мұнда еліміздің барлық өңірінен пациенттер келеді. Сондықтан электрондық кезек жүйесі қажет нәрсе. Бөлімдегі тазалық пен жайлылық медициналық ұйым туралы алғашқы әсер қалдырады. Тың бастамаларға институттың ұжымы да риза.


- Пациенттерге бірінші  кезеңнен, кіргеннен-ақ ем алуға мүмкіншілік болады. Комфортты жағдайда осында келгенде көріп, біздің дәрігерлер қуанышпен қарсы алып жатқанда, әрине, ол емге үлкен себеп болады деп ойлаймын, - дейді "Кардиология және ішкі аурулар" ҒЗИ бөлім меңгерушісі Нұрлан Әбдіқалиев.


Институт - Қазақстандағы кардиологиялық, кардиохирургиялық және терапиялық қызметтердің жетекші орталығы. Дәрігерлер ғылыми зерттеулер, білім беру мен клиникалық практиканың бірлесуі арқылы әрбір пациентке жоғары деңгейлі медициналық көмек көрсетуге ұмтылады. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38