Қарбыз тиелген тіркеме аударылып қалды

Қарбыз тиелген тіркеме аударылып қалды
Сурет: pixabay

Аягөзден 20 шақырым жерде қарбыз тиелген тіркеме аударылып қалды. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бейнежазба instagram-дағы @osa_uka_vko қоғамдық паблигінде пайда болды.

«Өскемен–Аягөз тас жолы. Қарбыз тиелген тіркеме аударылып қалды», – делінген видеоның астында.

Семей қалалық Полиция басқармасының мәліметінше, бұл факт тіркеу кітабына тіркелмеген.

«Полицейлер келгенше жол жұмысшылары тіркемені көтеруге көмектесіп, олар жолға шықты»,-деді Семей Полиция департаментінің баспасөз қызметі.