Каратэден тұңғыш қола жүлдегер атанған оғлан

Каратэден тұңғыш қола жүлдегер атанған оғлан
Сурет: Оlympic.kz

Нағыз батыр!

Қазақ спортының арғы-бергі тарихында каратэден жетістікке жеткен бірден-бір азамат Дархан Асаділов  деп айтсақ қателеспейміз.

Токио Олимпиадасында тұңғыш рет каратэден қола жүлдегер атанды. Сөйтіп, қазақтың абройын көкке көтерді. Бұған дейін олимпиадалық ойында мұндай жетістікті байқамадық. Байрақты бәсекеде ел намысын  асқақтатқан нағыз ер деп білеміз. Әлем жұртшылығы алдында ұлтымыздың қайсар ұлы екендігін мойындатты.

Дархан бұған дейін талай жарыстарда топ жарып жүрді. Дегенмен, бұл жолғы жеңістің жөні бөлек. Қазақтың каратэ өнерінде – өзіндік дара жолын салды. Сондай-ақ, спорт тарихында аты алтын әріппен қалды. Осындай қаракөздеріміз отанының бағы жолында, барын салып, жан аямай бәсекеге түсіп жатқанда, елдегі жанкүйерлер тақым қысты. Үйде отырып, көк жәшіктен тамашаласа да, үміті мен армандары жеңіс тұғырынан өз ұлдарын көру болатын. Сол үмітті бірқатар спортшылар ақтады. Біздерге сынау мен мінеу оңай. Деседе, олар күні-түні дайындалып, ел ішілік жарыстардан өтеді. Одан соң, Азия мен әлем біріншіліктеріне қатынасады. Осылайша, жеңіске деген қадамдарын жалғайды. Арасынан бағы мен бабы қатар шапқандары топ жарады. Аталған мысалдарды арнайы айтудамыз. Отандасымыз да осы келтірілген сатылардан өтіп, өз-өзін дәлелдеді.

Дархан бауырымызға жеңісі үшін – мың рақмет!