«Қарасу» шағынауданында су мәселесі қалай шешілетіні айтылды

«Қарасу»  шағынауданында су мәселесі қалай шешілетіні айтылды
Сурет:M.ecoteka.ru

Аудан жыл соңына дейін «Алматы суға» қосылады.

Аудан тұрғындары қала әкімі Ерболат Досаевпен болған кездесу барысында су мәселесін көтерді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Мен "Қарасу" шағынауданынан келіп тұрмын. Су және кәріз құбырларын біздің Шаяхметова көшесінің басында салғалы жатыр. Енді бізде су болмай жатыр, таңертең 8-де өшкен су кешкі 20:00-де бір-ақ қосылады. Осы мәселені шешіп берсеңіздер»,- деп сұрады аудан тұрғыны.

Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев былай деп жауап берді:

- "Қарасу" шағынауданынан су екі жерден келіп жатыр: жекеменшік «Қарасу» және қалалық «Алматы су». Мен сіздерге келесі аптада арнайы комиссия жіберейін. Қай үйлерге қайдан және қалай су келіп жатқанын тексерейік. «Алматы суға» толық қосылу жұмыстарын жыл соңына дейін бітіреміз. Бірақ бір оператордан екіншісіне өту оңай жұмыс емес. Сондай-ақ, аудан әкіміне тапсырма беремін, алдағы аптада сіздерге барады.