Қарашаның 28-не арналған ауа райы болжамы

Қарашаның 28-не арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөз

Тұман, көктайғақ

«Қазгидромет» РМК-сы 28 қарашаға жасалған күн райына байланысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, республиканың басым бөлігі әлі де суық антициклонның ықпалында болғандықтан бүгін күн ашық және аязды болады.

Атмосфералық ағындардың өтуіне орай республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады. Қазақстан Республикасының аумағында жел күшеюі мүмкін.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аймақтарында, түнде Қызылорда облысының оңтүстік-шығысында, Түркістан облысының таулы асуларында 30 м/с және одан да жоғары жылдамдықпен жел соғады.