Карантин жеңілдей ме?

Карантин жеңілдей ме?
Сурет: Inbusiness.kz

Бұл сұраққа еліміздің бас санитары Ерлан Қиясов жауап берді.

ҚР Бас санитар дәрігері бүгін карантиндік шараларды жеңілдету туралы жаңа қаулы шығарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Аталған қаулыға сәйкес, барлық облыс пен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында кептеліс уақытында қоғамдық көлік жиілігі артатын болды.

Адамдардың бір жерде көп шоғырлануына жол берілмейді.

Спорттық командалардың 30 адамнан аспайтын құраммен жаттығу жасауына мүмкіндік беріледі. Бірақ барлық спортшы және бапкерде вакциналау паспорты болуы тиіс.

Ал «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы жолаушы пойыздарының құрамына ортақ вагондарды қоспауға міндетті.

Қаулы 13 қыркүйек күні сағат 0.00-де күшіне енеді.