КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ЦИФРЛЫ АЛМАТЫ. Интернет желісі Жетісу өңірін толықтай қамтыды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нұрлан СҮЙІН

Әлемді шарпыған COVID-19 індеті адамзаттың өмір сүру дағдысын қайта қарауға мәжбүрлеп отыр. Сақтық  үшін мемлекеттерге оқшаулануға тура келіп жатыр. Басқасын айтпағанда, қызмет түрлері (банк, шаштараз, такси, т.б.) мен сауда жасауда, басқа жағдайларда есептесу мүмкіндігінше электронды жүйеге көшіп отыр. Сақтық шарасы ретінде. Ал елдегі білім жүйесі толықтай қашықтықтан оқытуға көшкен. Бұл өзгерістің барлығы интернет жүйесі мен заманауи ғаламтор желілерін талап етеді. Осы тұрғыда Қазақстанды ұлттық оператор Қазақтелеком АҚ толықтай дерлік интернет желісімен, цифрлы байланыспен қамтып отыр.

Қазақстан Республикасында соңғы жылдарда Президент Жолдаулары мен Елбасы тапсырмасына орай «цифрландыру бағдарламасы» қолға алынған. Мемлекеттік «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы жасалды. Біздің елде осы мемлекеттік бағдарламаны іске асыру елдің бас операторына, жергілікті билікке жүктелген. Мемлекеттік бағдарламаны жергілікті жерлерде жүзеге асыру қолға алынып, елдің ең үлкен мегаполисінде «Цифрлы Алматы» бағдарламасы жасалып, жүзеге асты. Мегаполис пен Алматы облысында цифрландыру яғни интернет желісін тарту жұмыстары өңірлік оператор – «Алматытелекомға» жүктелді. Өңірлік телекоммуникация дирекциясы жұмыстарды Талшықты-оптикалы байланыс желілерін (ТОБЖ) жүргізу негізінде жүзеге асырды. ТОБЖ арқылы Алматыда телефон байланысы мен интернет толық цифрлы жүйеге ауысып, бұрынғы (аналоговый) телекоммуникация келмеске кетті. Осы жұмыстар нәтижесінде өңірлік оператор 4G интернет жүйесін қосты. «Цифрлы Алматы» бағдарламасының іске асуымен алып шаһарда мегаполис тұрғындары  Е.gov порталы арқылы барлық қызмет түрлерін үйде отырып ала алатын болды. Бұдан өзге бір терезе қағидасы негізінде Open Almatyкәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Алматыда Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), Салық, Әділет басқармалары мен басқа да мекемелер «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс атқарып, ұзын-сонар кезектен құтылды.

Елге келген COVID — 19індеті өмірдің барлық саласына әсіресе, білім беружүйесіне орасан қиындықтар келтіріп отыр. Елдің білім жүйесі өткен оқу жылының төртінші тоқсанынан бастап, жаңа оқу жылын да қашықтықтан оқытуға мәжбүр. Ал онлайн оқу жылдам интернет пен цифрлы байланысты, заманауи ғаламтор желілерін талап етеді. Алматының екі жүзден астам мектебі алыстан оқыту (онлайн) жүиесіне көшуге мәжбүр. Осындай жағдайда «Алматытелекомға» өңірдегі цифрландыру жұмыстарын жылдамдатуға тура келді. Әсіресе, облыс аумағында интернет жүйесін жүргізу жеделдікті талап етті. Өңірлік оператор бұл жүмыстарды «Талшықты – оптикалық байланыс желілерін» (ТОБЖ) жүргізу арқылы жүзеге асырды. Бүгінгі күнге қолға алынған жұмыстар толықтай іске асырылып, өңір интернетпен, цифрлы байланыспен қамтылды. Облыста «оптика» желісін тарту 2018 жылдың қараша айында басталған болатын. Интернет облыс орталығы мен ірі қалаларға жеткізіліп, сол жерлерден ауылдарға байланыс кәбілі тартылды. Жалпы, облыста 2140 шақырым «оптика» төселіп, 159 ауылдың 414 мемлекетік, бюджеттік ұйымына телекоммуникация сигналы жіберілді. 2019 жылы 1443 шақырым, 2020 жылы 696 шақырым желі тартылды. ТОБС трассасы таулы, қызыл кітапқа енген өсімдіктер өсетін т.б. қиындау жерлерде аса сақтықпен жүргізілді.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде интернет желісі 50-100 отбасы тұратын шалғай ауылдарда да жұмыс істей бастады. Мектептердегі жаңа желілер көктемде жарияланған крантинге дейін қосылды. Енді, Қазақтелекомның өз бағдарламасы негізінде Алматы облысында 84 базалық станцияда ұялы байланыс пен интернет желісі жұмыс істейтін болады.

Алып шаһар мен Алматы облысы толықтай цифрлы жүйеге көшіріліп, бұл жұмыстарды «Алматытелеком» Өңірлік телекоммуникация дирекциясы атқарып отыр.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *