Қарақалпақстанда төтенше жағдай режимі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Қарақалпақстанда төтенше жағдай режимі мерзімінен бұрын тоқтатылды
Сурет: Egemen.kz

Жарлық 2022 жылғы 21 шілдеде сағат 5:00-ден бастап қолданысқа енгізіледі.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстанда төтенше жағдай режимін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Төтенше жағдайды мерзімінен бұрын тоқтату туралы Қарақалпақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің үндеуін назарға алып, сондай-ақ Қарақалпақстан Республикасы аумағында қоғамдық тәртіп қалпына келтірілгенін және қабылданған шаралардың арқасында «Төтенше жағдай туралы» Өзбекстан Республикасы Конституциялық заңының 11-бабына сәйкес азаматтардың қауіпсіздігі, олардың құқығы мен бостандықтарының қорғалуы қамтамасыз етілді», - делінген хабарламада.

21 шілдеде сағат 5:00-ден бастап Қарақалпақстан Республикасы аумағындағы төтенше жағдай мерзімінен бұрын тоқтатылды.

«Осы Жарлық 2022 жылғы 21 шілдеде сағат 5:00-ден бастап қолданысқа енгізіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында дереу жариялануға тиіс»,- делінген Өзбекстан Президентінің сайтында.