Қарағандыдағы шахталардың бірінде 36 жастағы кенші қаза тапты

Қарағандыдағы шахталардың бірінде 36 жастағы кенші қаза тапты
Cурет: Ашық дереккөз

Қазіргі уақытта оқиға тергелу үстінде

Бүгін Қарағандыда Костенко атындағы шахтада 36 жастағы кенші қаза тапты. Оқиға себебін арнайы комиссия анықтап жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

 Костенко атындағы шахтада ұңғыма төбесі құлаған. Оқиға салдарынан мердігер ұйымның 36 жастағы тау-кен жұмысшысы қаза тапты.

«Бүгін Костенко шахтасында жазатайым жағдай салдарынан УСМ мердігер ұйымының қызметкері (1986 жылы туған) көз жұмды. Мемлекеттік комиссия құрылды, оқиға тергелуде», - деп хабарлады «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметінде.